Бұл бетте солардың көмегімен сіз сауданың техникалық талдауын өткізе алатын, сол арқылы ұзақ мерзімді кезеңде оның тиімділігін ұлғайтатын техникалық индикаторлар туралы ақпарат берілген.
Индикаторлар — бұл бағаның өзгерістері туралы тарихи деректерді зерттеуге құрылғантехникалық талдаудың негізгі аспаптары. Талдаудың осы түрінің негізіне баға графиктерін статистикалық және математикалық есептеулердің көмегімен егжей-тегжейлі зерделеу алынған. Осы есептеулердің нәтижесі, трейдерге ағымдағы жағдайды талдауға және шешім қабылдауға көмектесетін түрлі индикаторлар болып табылады.
Техникалық талдау талдаудың маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Әрбір тәжірибелі трейдердің саудада көмекші болатын, ең ұнамды индикаторлары бар.
Индикаторлардың ішінде 2 ірі топты көрсетуге болады — бұл ағымдағы баға трендін бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін трендтік индикаторлар және бүйірлі трендтің (флэтті)даму үрдісін көрсететін осцилляторлар.
Бейне-сабақтар сізге техникалық индикаторларды таңдауда көмектесіп, олардың параметрлерін қалай беріп және өзгертуге болатынын түсіндіреді.
Алайда, индикаторлар беретін сигналдардың ұсынымдық сипатта екенін білген жөн, өйткені бағаның өзгерісін дәл болжау мүмкін емес. Сондықтан, соларға ғана сүйенбей, талдаудың басқа да аспаптарын пайдаланған жөн.