empty
 
 

Техникалық талдау – бұл баға қозғалысын әртүрлі уақыт аралығы мен нарық жосығының заңдылықтарын анықтау деректерін салыстыру арқылы болжау тәсілі. Форексте бағамен жұмыста техникалық талдауды қолдану көптеген трейдерлер үшін таптырмайтын амал болып табылады.

Техникалық талдау жалпы қабылданған үш қағидаға негізделеді:

1. Нарық қозғалысы бәрін ескереді

Түрлі сыртқы қоздырғыштар бағаға әрқашан әсер етеді, алайда техникалық талдау, баға қозғалысына әсер ететін саяси, экономикалық және психологиялық факторларды зерттеу міндетті деп санамайды, өйткені баға дамуының басты көрсеткіші бағаның өзі болып табылады. Кез- келген факторлардың кез-келген әсері ескеріліп, бағада көрсетілген, сондықтан зерттеудің басты нысаны соның өзі болып табылады.

2. Бағаның қозғалысы белгілі бір бағытқа бағынған

Техникалық талдауды қолданған кезде трендтің мәнін түсіну қажет. Техникалық тәсілдің басты мақсаты, кейіннен осы үрдіске сәйкес саудалау үшін баға қозғалысының үрдістерін анықтау болып табылады.

Трендтің үш түрі бар:

•  бұқа, онда баға өседі

•  аю, онда баға төмендейді

•  бүйірлік, баға қозғалысының белгілі бір бағыты жоқ

Әдетте, баға қозғалысы кезінде трендтің әр типін анықтауға болады, алайда біреуі ғана негізін қалаушы болады. Сондай-ақ, үрдістің өзгеруі ол беретін белгілі бір сигналдардан кейін ғана орын алатынын есте сақтау керек.

3. Тарих қайталанады

Бұл принцип, адамзат тарихының барысында ережелер мен талдаудың белгілі бір түрлері өзгермейді деген отүсінікке негізделген, бұл баға қозғалысы бағытының уақыттың түрлі аралығында көп мәрте қайталануын негіздейді.

Техникалық талдау әдісімен нарықтардың динамикасы ең алдымен графиктер арқылы зерттеледі. Бұл ретте негізгі аспаптар мыналар болып табылады:

•  осцилляторлар

•  жапон шырақтары

•  барлардың (кесінділердің) графигі

•  сызықтық график

•  трендтік индикаторлар

•  толқынды талдау

Техникалық талдау валюта нарығындағы баға қозғалысын болжаудың негізгі аспабы болуы мүмкін. Бұл әдісті кәсіби трейдерлер мен Форекс аналитиктері сәтті қолдануда, олардың көпжылдық тәжірибесі саудада техникалық талдауды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.