Сондай-ақ қараңыз
ИнстаТрейдтің әлеуметтік жауапкершілігі - бұл қатал бәсекелестік және көбінесе нарыққа қатысушылар арасындағы ымырасыз күрес жағдайында қарапайым адами принциптерді ұмытпайтын осы заманға сай компанияның жұмысы. Осы қағидаларға сәйкес әлеуметтік жауапкершілік, сыртында тірі және қуануға, көмектесуге қабілетті адамдар тұратын, кез- келген ірі компанияның ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Біз өзіміздің атымызды шығаруға немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, "PR жасауға" тырыспаймыз. ИнстаТрейд компаниясының бірқатар ресейлік және шетелдік қайырымдылық ұйымдарын қолдауға қатысуы - даңқын арттыру немесе бәсекелестер арасында рейтингті көтерудің әрекеті емес. Жоғарыда атап өткеніміздей: ИнстаТрейдтің әлеуметтік жауапкершілігі - бұл біз қазіргі заманғы компания және ол сәйкес келуі тиісті оның жұмыс принциптері.
Бірнеше жылдан бері жаңадан ашылған қайырымдылық ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар ИнстаТрейд компаниясының серіктесі болуда. Қайырымдылық ұйымдардың және адамдардың тізімі ИнстаТрейд компаниясы әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі ретінде ашылған осы бетте үнемі толығып тұрады. Осылайша, біз медицинаға, білім беру саласына, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешетіндерге нақты және аса қажетті қолдау көрсететін қайырымдылық ұйымдар мен қарапайым адамдарға көмектесеміз және көмек көрсету қажет деп санаймыз.
Бізге тамақ пен әжеме дәрі-дәрмек алуға ақша табу үшін 9 жасында менің екінші әпкем мектепті тастады.
Біз тұрған үйдің шатыры тесік еді, жауынды күні су ағып тұратын.
Кішкентай болған кезімде мектепке қатынау қиын болды. Мен мен жаңбырда да, аптап ыстықта да мектепке еңбектеп жететінмін. Менде ешқашан да басқа балалардыкі сияқты мектеп формасы, арқа қоржыны болған емес.
Мен кедей отбасылардың балаларына және жетім балаларға көмек көрсететін коммерциялық емес CPOC ұйымын (Caring For Poor and Orphaned Children)құрдым, өйткені мен бір кезедрі қиналғанымдай, басқа балалардың да қиналғанын қаламаймын. Олардың тамақтарының тоқ болып, баспанасы болғанын, мектепке барып, қалыпты өмір сүргендерін қалаймын.
CPOC құрудың негізгі себебі – бұл балаларға жақсы өмірді қазір беріп, олардың отбасыларына – жарқын болашақ сыйлау. Мен осы жоба үшін үйді жалға алдым. Біз балалар үшін үй салуды,компьютер кластарын, кітапхана, жануарлар фермасын ашып, көкөніс шаруашылығын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, кедей отбасылардың балаларына арнап университет салу және олардың оқу ақысын төлеуді жоспарлап отырмыз.
CPOC жобасының өмірдің шындығына айналадыдеп үміттенемін. Камбоджадағы CPOC ұйымының атынан мен ИнстаТрейдке аса мұқтаж балалардың өмірін жақсарту үшін жұмсалған қаражаты үшін шексіз алғысымды білдіремін. Біз ИнстаТрейдке барлық бастамаларына сәттілік тілейміз.