empty
 
 

Интернеттің және байланыс құралдарының ұдайы дамуының арқасында Форексте интернет арқылы саудалайтын трейдерлер үшін ақпарат неғұрлым қол жетімді болып табылады. Сондықтан, көптеген трейдерлер, инвесторлар сияқты жаңалықтардың, аналитикалық шолулар мен басқа да ақпараттың шығуын бақылай отырып, пайда алудың мүмкіндігін арттырамыз деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес.

Жаңалықтарға сенім арту үлкен қаржы шығындарына әкеп соқтыруы мүмкін. Неге бұлай болады? Бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырмай, шынайы себебін түсіну қиын. Сондықтан егжей-тегжейлі талдау өткіземіз:

Жаңа бастаған әрбір трейдерге саудада жаңалықты қолдану міндетті түрде табыс әкелетіндей болып көрінеді, алайда бұл қате пікір.

Жаңалықтарда солардың ықпалымен орын алған өзгерістер нарықта толық көрсетіледі деп саналады. Алайда, мұндай пікір еш негізсіз, ал валютаның оларға көп жағдайдағы реакциясы күтілетіннен қатты ерекшеленеді.

Әрине, сұраныс және ұсыныс бойынша озыңқы жағдай нарық үшін байқаусыз өтпейді, сонымен қатар олардың қозғалысында логика болмайды.

Валюта жұбы өтетін жолды келесі формуламен анықтауға болады - «сұраныс және ұсыныс бойынша басты қағидаттар + инвестордың психологиясы = нарық қозғалысы». Инвесторларға қатысты айтсақ, мұнда айқындаушы фактор жаңалықтардың маңыздылығы емес, олардың (бұл жағдайда трейдерлер дегенді білдіреді) жаңалыққа реакциясы болып табылады.

Жаңалықтардың құнын кетіретін басты себеп нарықтың өзі болып табылады. Осы себепті жаңалық саудасы іс жүзінде мүмкін емес. Осылайша, қандай да бір жаңалықтың қашан шығатынын және оның нарыққа қалай әсер ететінін алдын-ала біліп, ол жарияланғанға дейін инвесторлар әрекет ете бастайды. Сондықтан, осы жаңалықтар шыққанда, нарықтың оған реакциясы әрең байқалады немесе ешқандай әсері болмайды, өйткені барлығы бағасымен ескеріледі. Шығатын жаңалықтардың маңыздылығының шынайы көрінісін көрсететін адамдардың мінез-құлықтары туралы да ұмытпау керек.

Жаңалықтар кезінде саудаға әсерін тигізетін тағы бір себеп - бұл саудадағы маңызды жайтті – тәртіпті бұзатын адами эмоциялар. Сол сияқты, ашық мәмілелерді жабу абзал болатын кезде, уәде етілген үлкен қозғалыс әне-міне шығап қалар деген аналитиктердің мәліметтері бойынша, трейдер оны жасамайтын кездерде аналитика да әрдайым дұрыс бола бермейді.

Сонымен бірге, жаңалықтарды мүлдем елемеуге де болмайды. Нарықтық максимумдардың көбінесе оптимистік болжамдары бар жаңалықтардан кейін, ал минимумдар, керісінше, ештеңе уәде етілмейтін жаңалықтардан кейін пайда болатыны жалпыға белгілі факт болып табылады.

Қорытындылайық. Үлкен қаражаттары жоқ, негізгі жұптар бойынша саудалайтын трейдерлерге жаңалықтармен саудалауды қолданбау дұрыс шешім болар еді, оның орнына сауданың тәртіпке бағынған қызмет жүйесін пайдаланғандары жөн. Жаңалықтардың бәрін жүйе онсыз да ескереді. Олар сондай-ақ кез-келген сауатты сауда жүйесінің міндетті бөлігі болып табылатын техникалық талдауға кіреді.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.