Сондай-ақ қараңыз
Жапон шырақтары (Japanese Candles, Candlestick) – белгілі бір уақыт кезеңі үшін баға қозғалысын анықтауға мүмкіндік беретін, Форекс нарығын техникалық талдау әдісі. Жапон шырақтары моделі графикте нарықтың көңіл-күйін көрсетіп, сондай-ақ ықтимал трендік бұрылыстар туралы сигналдар береді.
Жапон шырақтары (Japanese Candles, Candlestick) - валюта нарығын техникалық талдаудың танымал әдістерінің бірі, ол саудаға Жапониядан XVIII ғасырда келіп, әлі күнге дейін бүкіл әлемнің трейдерлері арасында сұранысқа ие болып қалуда. Жапон шырақтары атауын элементтері шыраққа ұқсайтын, графиктің формасына қарай алған. Графиктің өзі бағаның ашу және жабу деңгейлерінің ара-қатынасын, сондай-ақ уақыттың белгілі бір аралығындағы баға диапазонының максимумын және минимумын көрсетеді.
Графиктің координаттар жүйесі тік бұрышты болып табылады, ондағы тік ось бағаның мөлшерін, ал көлденеңі - уақытты білдіреді.
Графиктің негізгі элементі - шырақтың денесі деп аталатын цилиндр, ол ашу және жабу бағасының арасындағы диапазонды көрсетеді.
Төменгі көлденең сызық ашылу бағасын (open), жоғарғысы - жабылу (close) бағасын көрсетеді. Жоғарғы және төменгі тік сызықтар сәйкесінше бағаның максимум (high) және минимумын (low) көрсетеді.
Қандай да бір кезеңдегі валюта бағамының өзгеруіне қарай, шырақтың денесі белгілі бір түске, әдетте қара немесе ақ түске боялады.
Жапон шырақтары графигін ашып көрсету қағидалары:
• ашу және жабу бағасының тең шамалары графикте бір көлденең сызықпен көрсетіледі, ал шырақтың денесі айқаспа формасында болады
• ашу бағасы жабудан жоғары болса, шырақтың денесі қара түске боялып, нарықтың құлдырауын білдіреді
• ашу бағасы жабудан төмен болса, шырақтың денесі ақ болып қалып, нарықтың көтерілуін білдіреді
• шырақтың ұзындығы ашу және жабу бағасының арасындағы аралықты көрсетеді
Шырақ элементтерінің бәрі бекітіліп, шырақтың денесі толық құрылғанда, график оңға жылжиды да келесі уақыт аралығында жаңа шырақ түзіле бастайды.
Осылайша, график шырақтың реттілігін білдіреді және трейдердің есептеуге жұмсалатын уақытын біршама үнемдеп, баға қозғалысының динамикасын көрсетеді.