empty
 
 

Трейдинг — бұл талдай білуді және ой қорытуды қажет ететін жұмыс; бір жағынан ұстамдылықты, шыдамдылықты талап етеді, екінші жағынан тез реакцияны және тәуекелге дайын болуды қажет етеді; бұл психологияны аздап болса да түсінетіндерге арналған еңбек.


Форекс нарығындағы табыс немесе сәтсіздік көп жағдайда тұлғалық қасиеттерге байланысты. Егер сіз жүйелік саудаға өту туралы шешім қабылдасаңыз да - бұл сізден сауда шешімін қабылдау кезінде эмоциялық күш-жігерді талап етеді. Көбінесе Форекс- трейдерлер эмоция неғұрлым аз болса, сауда соғұрлым жемісті болады, өйткені эмоциялар дұрыс шешім қабылдауға кедергі болады деп санайды. Бірақ алаңдаушылық, ақшаны жоғалту қорқынышы, сәттілікке деген сенімділік пен үміт, өкініш, қуаныш, жабығу және тағы да қуаныш - осы сезімнің барлығы трейдингтің серігі екені сөзсіз. Сезім бас көтертпей тұрғанда көңіл-күйді қалай тежеуге болады? Бірақ түйсікке немесе ақыл- санаға лайықты бағасын қалай бермеуге болады?


Эмоцияны шығару -бұл қуанышты нығайту ғана емес, негативті пысықтау екені белгілі, ал эмоцияны талдау бізге құнды ақпарат та береді. Біз осы ақпаратқа назар аударамыз, осы ақпараттың әсерімен әрекет етеміз. Өзіміздің немесе басқаның көңіл-күйіне реакцияны талдау, өз кезегінде, осы эмоцияны бақылауға, яғни іс-әрекетті бақылауға мүмкіндік береді.


Эмоцияларды басқарудың бірнеше жолы бар.


Біріншіден, эмоцияның шоғырлану объектісін өзгертіп, өзіңнің көңіл-күйіңді өзгертуге болады. Әдетте бұл өте нәтижелі әдіс. Сондықтан, біз не нәрсеге баса көңіл аударамыз, сол біз үшін әсерлі болады. Ойлау бағытын өзгертіп, жағдайға деген көзқарасты өзгертуге болады. Шығынды болу ықтималдығын, сондай-ақ пайда алу ықтималдығын қарастыруға да болады.


Екінші тәсілі: өз сенімдеріңізді өзгертіп, сіз өз эмоцияларыңызды өзгертесіз. Өмір бойына жинақтаған біздің барлық наным-сеніміміз біздің санамызға түсетін бүкіл ақпараттың әлдебір сүзгісі болып табылады. Бұл наным-сенімдер оқиғаларды түсіндіруге де әсер етеді.


Үшінші тәсіл: "сома"-денені өзгерту арқылы эмоцияны, яғни "психо"-ны өзгерту. Беттің мимикасын, тұрған тұрысты өзгерту; тыныс алудың диафрагмалық түріне (қарынмен) өту, просодиканы - үнді,тембрді, дауыс күшін, сөйлеу қарқынын өзгерту – осының бәрі кері байланыстың принципі бойынша физиологиялық өзгерістерді береді, демек, организмнің эмоционалдық құрамдасын өзгертеді, Форекс-трейдердің жұмысына әсер етеді. Ең оңай және қарапайым физиологиялық қимыл-қозғалыс өзіңіздің көңіл-күйіңізді өзгертудің және оны басқарудың тиімді құралы бола алады. Өз көңіл-күйінді басқарыңыз, бұл әрине, сізді барынша табысты трейдер етеді.


Зейін қою — біздің эмоционалдық және психикалық жай-күйіміздің маңызды құрамдас бөлігінің бірі, өйткені Форекс нарығында сауда жасаған кезде сіздің зейініңіз неге аударылса, ол айналадағы болмыстың объектісі болуымен қатар, нағыз шындықтың түсінігіне айналады. Болып жатқанның бәрі жағдайды талдауға, жағдайды түсіндіруге, сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді және мінез-құлық манеріне, қандай да бір шешімді таңдауға мәжбүрлейді.


Бұл жағдайда басымдықтарды дұрыс қоя білу керек. Сіз шығынның болу ықтималдығын тұспалдай аласыз ба? Немесе пайданы күтесіз бе? Трейдинг – бір шектен екінші шек арасындағы тепе-теңдікті ұстаудың талпынысы екенін әрдайым есте ұстау керек. Трейдер өз назарын пайданы алу мүмкіндігіне, сондай-ақ шығынды болу ықтималдығына аударып, олардың арасындағы тепе-теңдікті ұстауға тырысуы керек. Трейдер өз әдістерінің ықтималдығын үнемі бағалап, нарық беретін ақпаратты талдауы керек, өйткені бұл нақты және сенімді ақпарат.


Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.