Сондай-ақ қараңыз
Форекс (Forex) - бұл халықаралық банкаралық валюта нарығы. Форекс Сауда валюталарды сатып алу және сатуды білдіреді. Валюта бағамдарының үнемі өзгеріп тұруына байланысты, валютаны неғұрлым төмен бағамен сатып алып және оның одан әрі қозғалысын дұрыс анықтап (мысалы, жаңалықты дұрыс анықтап) неғұрлым жоғары бағамен сатып, пайда алуға болады.
Форекс нарығына қатысушылар мыналар болып табылады: банктер (орталық және коммерциялық), зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, дилерлер және жеке инвесторлар. Қатысушылардың көптігі мен сәйкесінше мәмілелердің ірі көлемінің арқасында, бірнеше секундтың ішінде жасалатын мәмілелер саны орасан көп.
Форекс нарығында саудалау үшін қомақты капитал қажет емес, брокер кредит – кредиттік көтермені береді. Оның көлемі депозиттің өзінің жүз еселі шамасын құрайды, бұл трейдердің (Форексте саудалайтын қатысушы) нарыққа мәмілені жасау үшін пайдаланатын сомадан жүз есе асатын сомамен шығатынын білдіреді.
Форекстегі сауда мәмілесі екі бөліктен тұрады. Біріншісі - трейдер позицияны белгілі бір валюта жұбы бойынша ашады. Екіншісі – ол позицияны тиісінше осы жұпта жабады. Форекстегі сауда мәмілелері бірнеше секундтың ішінде жасалады. Алайда трейдерлер жасайтын осыншама көп мәмілелер де бағаның қалыптасуына елеулі әсер ете алмайды.
Форексте саудалау үшін позицияны ашу – бұл бір валютаның белгілі бір көлемін басқа валютаның белгілі бір көлеміне сатып алу үшін брокерге жасалған сұрату процесі. Жұпта бірінші болып жүретін базалық валютаның құны, бағасы белгіленетін бірлікпен көрінетін котировка деп аталады. Ол 2 саннан тұрады: Базалық валюта бағасы белгіленгені бойынша сатылатын Бид және сәйкесінше сол бойынша ол сатып алынатын Ask. Олардың арасындағы айырма спред деп аталады (ол брокердің негізгі табыс көзі болып табылады), а пункт- бағаның төменгі рұқсат етілетін өзгерісі. Валюта бағамдары туралы ақпарат Форекс нарығында саудалайтындар үшін әрдайым қолжетімді.
Форекстегі сауда бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады. Бұл тәсілдер белгілі бір сауда стратегиясын білдіреді. Форексте саудалауда тәжірибесі мол трейдерлер, бірнеше жыл бойы өздерінің стратегияларын жасайды, сондай-ақ өзін жақсы көрсеткен және уақыт сынынан өткен стратегиялар да бар:
- Күндізгі сауда (біркүндік қысқа мерзімді сауда). Бұл - трейдердің мәмілені бір-екі минуттан бір-екі сағатқа дейінгі қысқа уақыт кезеңіне ашуы. Мұндай мәмілелерді, әдетте, сол сауда күні жабады және ешқашан келесі күнге қалдырмайды. Әдетте, қысқа мерзімді сауда 1 және 5-минуттық графиктердің комбинацияларын пайдаланумен сипатталады.
- Жаңалық саудасы. Сауданың бұл түрін қолданатын трейдерлер соның арқасында шыққан жаңалықтар бойынша дұрыс талдау жасай отырып, тұрақты табыс таба алады. Сонымен қатар, осы жаңалықтарды қате талдау және позицияларды дұрыс ашпау, шығынға жеткізуі мүмкін.
- Орта мерзімді сауда. Сауданың бұл түрі трейдердің мәмілені ұзақ мерзімге ашуымен сипатталады (бір-екі күннен бір-екі айға дейін). Сауданың бұл түрінде, егер мәміле бірнеше күн бойына ашық тұратын болса, үлкен пайда алуға болады. Осындай мәмілелерді қолдау үшін жақсы капитал қажет.
- Форексте сауда жасаудағы Техникалық Талдау дұрыс бағалау және валюта жұптары графиктерінің және онда бейнеленетін фигуралардың түрлі типтеріне (бар, жапондық шамдар, сызықтар) талдау жасау қабілетімен көрінеді, бұл валюта жұптары бағамдарының өзгерісін болжауға мүмкіндік береді.
- Керри Трейд. Бұл валюта жұптарының пайыздары бойынша мәмілелердің айырмасынан пайда алу.
Сауданың осы типін пайдаланғанда, трейдердің мәмілесі өте ұзақ уақытқа ашық қалады (екі-үш айдан бір жылға және одан көп уақытқа дейін). Мұндай сауда үлкен капиталды білдіреді. Ол бағаның дұрыс бағытта өзгеруіне дейін шығынға жабылмас үшін, мәміле табысты бола бастайтын уақытты күту үшін қажет.
Форекс нарығында саудалаудың қолайлы жағдайының бірі, оның тәулігіне жиырма төрт сағат, аптасына бес күн (Дүйсенбіден Жұмаға дейін) жүргізілуі болып табылады. Бас кеңсемен уақыт бойынша айырмаға қарамастан (уақыт белдеулері арасындағы айырмаға байланысты), саудаға қатысуды жалғастыруға болады. Форексте саудалаудің мұндай мүмкіндігін әлемдік қаржы орталықтары береді, оның басында әлемнің түрлі елдерінің капиталы орналасқан халықаралық банктермен қатар, ұлттық банктер тұр.
Ең ірілері Нью-Йоркте, Лондонда, Токиода, Парижде, Люксембургте, Сингапурде, Австрияда орналасқан. Олар Форексте күні бойы және түнде де, саудалау үшін өтімділікті қолдауға мүмкіндік береді.