Сондай-ақ қараңыз
Ақшаның құнсыздануы және жұмысын 1970-ші жж. тоқтатқан «Алтын стандартты» енгізу тақырыбы танымал бола түсуде. Сарапшылар теңдестірілген монетарлық жүйенің пайдасына дәлелді аргументтер келтіріп, шетел валюталарының үйреншікті нарығының болмауы бастысы болып келетін, осы бір маңызды қадамның айқын кемшіліктерін атауды ұмытып кетеді. Өйткені, стандарттан бас тарту FOREX пайда болуына ықпал етті ғой.
FOREX — қысқа мерзімді нарық, онда жұмыс істей отырып, саудагер бағамдық құнның өзгерістерінен пайда алуға тырысады. Мәміленің максималды мерзімі бірнеше аймен шектеледі, ал акциялар нарығында инвестициялаудың орташа мерзімі 5-7 жылды құрайды.
Шетел валюталарының нарығы орталықтандырылмаған сипатта және онда сауда арнайы бағдарламалық жасақтама бойынша, түрлі банктер арқылы жүргізіледі. Жеке тұлғалардың көпшілігі үшін банкаралық нарыққа кіру мүмкін емес, өйткені мәміленің стандартты көлемі 100 мың доллардан 1 млн долларға дейін жетеді. Дилер орталығы (ДО)банк пен саудагер арасындағы делдал қызметін атқарады.
Барлық шетелдік валюта үтірден кейін 4 таңбаға дейін, АҚШ долларымен бағаланады. Мысалы, EUR/USD валюталық жұбының котировкасы былайша көрінуі мүмкін: 1,2836. Котировканың стандартты өзгерісі 1 тик немесе 4-ші таңбадағы 1 бірлікті құрайды.
1,2836 котировкасы 100 000 еуроны сатып алу үшін 128 360 доллар төлеу керек екенін білдіреді. Котировканың көтерілу жағына қарай 1 тикке өзгеруі клиенттен 128 370 долларды, яғни 10 доллар көбірек төлеуін талап етеді.
Қазіргі заманғы технологиялар трейдерлерге нарыққа кіру кезіндегі қателікті төмендетуге мүмкіндік бере отырып, котировкалармен үтірден кейін 5 таңбаға дейінгі дәлдікпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ИнстаФорекс компаниясы клиенттерінің нарықта классикалық төрт таңбалы котировкалармен де, 5 таңбалы котировкалармен де саудалау мүмкіндігі бар.
Шетел валюталарының барлық бағамдары шетел валютасының бірлігі үшін АҚШ долларымен бағаланады. Алайда сауда терминалдарында тура және кері котировкаларды, сондай-ақ кросс-бағамдардың котировкаларын көруге болады, бұларды валюта жұптары деп атайды. Тура деп шетел валютасының АҚШ долларымен бағалануын айтады. Осындай котировканың алымында шетел валютасының символы, ал бөлгішінде — америка долларының символы тұрады.
Мысалы, EUR/USD – еуроның АҚШ долларымен бағалануы. Ол 1 еуро үшін төленетін америка долларының мөлшерін білдіреді. Бұндай котировка тура валюта жұбы деп аталады. Тура валюта жұптарына, сондай-ақ британ фунтының – GBP/USD, австралия долларының – AUD/USD, жаңа зеландия долларының – NZD/USD котировкалары жатады. Трейдер тура валюта жұбын сатып алғанда, ол шетел валютасын сатып алып, АҚШ долларын сатады. Трейдер тура валюта жұбын сатқанда, ол шетел валютасын сатып, АҚШ долларын сатып алады.
Кері валюта жұбы деп шетел валютасының терминімен көрсетілген АҚШ долларының бағалануын айтады. Бұндай котировканың алымында АҚШ долларының символы, ал бөлгішінде — шетел валютасының символы тұрады. Мысалы, USD/CAD – АҚШ долларының канада долларымен бағалануы, 1 америка доллары үшін төленуі тиіс канада долларының мөлшерін білдіреді. Кері валюта жұптарына, сондай-ақ USD/JPY жатады – АҚШ долларының жапон иенасындағы құны, USD/SEK – АҚШ долларының швед кронасындағы құны, USD/CHF – АҚШ долларының швейцар франкімен бағалануы. Трейдер кері валюта жұбын сатып алғанда, ол АҚШ долларын сатып алып, шетел валютасын сатады. Трейдер кері валюта жұбын сатқанда, ол АҚШ долларын сатып, шетел валютасын сатып алады.
Кросс-бағам деп шетел валютасының, шетел валютасының терминдеріндегі котировкасын айтады. Шетел валюталарының бәрі АҚШ долларымен бағаланады, сондықтан, мәнісі бойынша кросс-бағамдар шетел валютасының АҚШ долларының бағамы арқылы есептелген котировкасын көрсетеді. Ең танымал кросс-бағамдар жапон иенасы және швейцар франкімен номинацияланған шетел валютасының котировкалары болып табылады. EUR/JPY – жапон иенасымен көрсетілген еуроның котировкасы; GBP/JPY — жапон иенасымен көрсетілген британ фунтының котировкасы; CHF/JPY — жапон иенасымен көрсетілген швейцар франкінің котировкасы; GBP/CHF – швейцар франкімен көрсетілген британ фунтының котировкасы; сондай-ақ EUR/CHF – швейцар франкімен көрсетілген еуроның котировкасы.
2011 жылы Швейцарияның Ұлттық Банкі швейцар франкінің еуроға қатысты шекті бағамын 1 EUR үшін 1,20 CHF деңгейінде белгіледі, бұл франктің FOREX нарығындағы айналымын айтарлықтай азайтты және швейцар франкімен номинацияланған шетел валюталарының кросс-бағамдарының танымалдығына да әсер етті.
Валюталық кросс-бағамның баға түзілуі келесі формула негізінде жүзеге асырылады:
FOR/FOR = FOR/USD * USD/FOR, мұнда FOR – шетел валютасы.
Түрлі елдердің алтын-валюта резервтеріне кіретін негізгі валюталар АҚШ доллары, еуро, британ фунты және жапон иенасы болып табылады. Осы төрт валюта мажорлар деп аталады, ағылшын тілінен «major» — негізгі.
Қуатты, бірақ жүрісі шектеулі валюталар канада (CAD) және австралия (AUD) долларлары болып табылады. «Тауарлы» атауларын бұл валюталар шикізат бағасының өзгерісіне қатты тәуелді болғаны үшін алған. Сондай-ақ, тауарлы валюталарға жаңа зеландия долларын да – NZD жатқызуға болады.
Тұрақты, бірақ жүрісі шектеулі аймақтық валюталар ресей рублі (RUB), швед (SEK), норвегия(NOK), дания (DKK) крондары, сингапур доллары (SGD), түрік лирасы (TRY), үнділік рупий (INR), оңтүстік-африкалық ранд (ZAR), оңтүстік-корейлік вон (KRW), польшалық злотый (PLN) болып саналады. Трейдерлер осы валюталарды көбінесе түрлі-түсті орамжапырақ деп атайды.
Қытай Халық Банкі бағамын белгілейтін қытай юані (CNY) еркін айырбасталатын валюта болып табылмайды.
АҚШ долларының индексі америка долларының шетел валюталарының себетіне қатысты құнын көрсетеді. АҚШ доллары индексінің түрлі формулалар бойынша есептелетін бірнеше типтері бар. АҚШ долларының, былайша аталатын классикалық индексі алты шетел валютасының: еуро, жапон иенасы, британ фунты, канада доллары, швед кронасы және швейцар франкінің себетіне қатысты пайызбен белгіленген құнын көрсетеді. 100% ретінде 1973 ж. жағдай бойынша АҚШ долларының құны қабылданды. Сауда үшін ИнстаФорекс компаниясы ұсынатын валюта жұптарының тізімімен «Келісім-шарттардың ерекшелігі» тарауында танысуға болады.
ИнстаФорекс-кеңес:
Жаңа бастаған трейдерлер валюта-мажорларға және тауарлы валюталарға назар аударулары керек. Тәжірибе жинақтағаннан кейін аспаптар себетіне біртіндеп кросс-бағамдар мен танымалдығы төмен валюталарды қосуға болады. Бұл кросс-бағамдардың баға түзілуінің қиындығына және танымалдығы төмен валюталарға арналған үлкен спредтермен байланысты. Сондай-ақ, сауданың қай кезде жүргізілетініне де назар аудару керек. Валюта нарығында ең қарқынды сауда еуропалық және америкалық сауда сессияларында жүреді, яғни 12:00-ден бастап 00:00 дейін(UTC+4).
FOREX нарығы — бұл котировкалары аздап қана өзгеретін нарық. Валюта бағамдарының апталық ауытқуы 0,5—2% аралығында болып, кредиттік көтермені пайдалану үшін қолайлы жағдай жасайды. Банкаралық нарықтан шетелдік валютасының котировкаларын алатын дилерлік орталықтар өздерінің клиенттеріне кепіл салуды және кредиттік көтермені 1:1-ден 1:500 дейінгі аралықта белгілеуге кеңес береді.
FOREX нарығындағы стандартты көтерме 1:100 ара-қатынасы болып табылады, ол 1 000 доллар кепілінде сатып алуға немесе сатуға арналған, көлемі 100 000 долларға дейінгі позицияны ашуға мүмкіндік береді. Бұл үлкен сома ма? Егер сіз, котировкасы бір тәулікте теориялық тұрғыдан 100 тикке өзгеруі мүмкін EUR/USD валюта жұбымен жұмыс істесеңіз, онда 1:100 көтермеде, мәміле түріне қарай сіз бір күнде 1 000 доллар таба аласыз немесе жоғалтасыз. Жоғары тәуекелдерді азайту үшін кредиттік көтерменің мөлшерін азайту керек немесе ашылатын позицияның көлемін азайту керек.
ИнстаФорекс компаниясы көлемі 100 доллардан басталатын мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін, 10 000 доллар лотқа шетел валютасын сатуға және сатып алуға позицияларды ашуды ұсынатын аздаған компаниялардың бірі. 1:100 көтермесі 1 доллар көлемінде кепіл салуды мүмкін етеді, бұл кезде котировканың 1 тикке өзгерісі депозиттің 1 центке өзгеруімен қатар жүреді.
Компания клиенттері АҚШ долларымен немесе еуромен центтік шоттарда жұмыс істей алады. Түрлі типтегі шоттардың шарттарымен толығырақ «сауда шоттарының типтері» тарауында танысуға болады.
ИнстаФорекс-кеңес:
Кредиттік көтермені пайдалану FOREX нарығын тәуекелі жоғары етеді, сондықтан кәсіби болып табылмайтын трейдердің депозитінің бастапқы көлемі оның екі апталық кірісінен аспауы керек. Сауда үшін қарыз қаражатын, сондай-ақ жинақталған зейнетақыны, оқуға жиналған қаражатты немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу және т. б. қаражатты үзілді-кесілді қолдануға болмайды. Көлемі үлкен позицияларды ашуға өтпес бұрын, жаңа бастаған трейдер арнайы көрсетілім шотында немесе центтік шотта жаттыға алады, бұл шығындарды болдырмауға және тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.