Сондай-ақ қараңыз
Стандартты ауытқу (Standard Deviation, StdDev) Техникалық Индикаторы нарықтың құбылмалылығын өлшеу және трендті анықтау үшін қолданылады. Бұл индикатор бағаның сырғымалы орташаға қатысты ауытқу мөлшерін сипаттайды. Әдетте, бұл индикаторды басқа индикаторлардың құрамдас бөлігі ретінде пайдаланады.
Егер индикатордың мәні үлкен болса, ал бардың бағасы сырғымалы орташаға қатысты шашыраңқы болса, онда нарық құбылмалы болып табылады. Егер нарық флэтте болса, онда бардың бағасы сырғымалы орташаға өте жуық болады, ал нарық төменгі құбылмалылығымен сипатталады.
Мысалы, Bollinger Bands есептеу кезінде аспаптың стандартты ауытқу мәні оның сырғымалы орташасына қосылады.
Нарықтың динамикасы тыныштық және белсенділіктің арту кезеңдерінің кезектілігінен тұрады, сондықтан осы индикатордың тәсілдемесі қарапайым. Егер индикатордың мәні тым аз, яғни нарық толықтай тыныштықта болса, онда жуық арада белсенділіктің шарықтауын күту керек. Керісінше, егер индикатор тым үлкен болса, онда бұл белсенділік жақын арада төмен түсері анық.
StdDev (i) = SQRT (AMOUNT (j = i - N, i) / N)
AMOUNT (j = i - N, i) = SUM ((ApPRICE (j) - MA (ApPRICE (i), N, i)) ^ 2)
мұнда:
StdDev (i) — ағымдағы бардың Стандартты ауытқуы;
SQRT — квадрат түбір;
AMOUNT(j = i - N, i) — j = i - N бастап i дейінгі квадраттар қосындысы;
N — жатықтау периоды;
ApPRICE (j) — j-ші бардың қолданылған бағасы;
MA (ApPRICE (i), N, i) — N периодтағы ағымдағы бардың кез-келген сырғымалы орташасы;
ApPRICE (i) — ағымдағы бардың қолданылған бағасы.