empty
 
 

Moving Average Convergence/Divergence - MACD: сипаттамасы, баптау және қолдану

Сырғымалы Орташаның Қосылу/Алшақтау(Moving Average Convergence/Divergence, MACD) Техникалық Индикаторы — бұл үрдістен кейінгі динамикалық индикатор. Ол бағаның екі сырғымалы орташасының арасындағы ара-қатынасты көрсетеді.

MACD Техникалық Индикаторы 12 және 26 периодтары бар екі экспоненциалды сырғымалы орташаның (EMA) арасындағы айырма ретінде құрылады. Сатып алу немесе сату үшін қолайлы сәттерді нақты белгілеу үшін, MACD графикке былайша аталатын сигналдық сызық — индикатордың 9-периодтық сырғымалы орташасы салынады.

MACD нарық сауда дәлізінде үлкен амплитудамен ауытқитын жағдайларда неғұрлым тиімді. Жиі пайдаланылатын MACD сигналдары — қиылысу, қайта сатып алу/ қайта сату және алшақтық жағдайлары.

Қиылысу

MACD көмегімен саудалаудың негізгі ережесі индикатордың өзінің сигналдық сызығымен қиылысуында салынған: Moving Average Convergence/Divergence сигналдық сызықтан төмен түскенде — сату керек, ал сигналдық сызықтан жоғары көтерілгенде — сатып алу керек. Сатып алу/сатуға сигналдар ретінде сондай-ақ MACD нөлдік сызығынан жоғары/төмен қиылысуы пайдаланылады.

Қайта сатып алу/ қайта сату жай-күйі Moving Average Convergence/Divergence қайта сатып алу/ қайта сату индикаторы ретінде де өте құнды. Қысқа сырғымалы орташа ұзыннан айтарлықтай жоғары көтерілгенде (яғни MACD өседі), бұл қарастырып отырған аспап бағасының көтеріңкі екенін және көп ұзамай шынайы деңгейге қайтып оралатынын білдіреді. Алшақтық MACD және бағаның арасында алшақтық орын алғанда, бұл ағымдағы үрдістің жуық арада аяқталу мүмкіндігін білдіреді. Бұқа алшақтығы, баға жаңа максимумдарға жетіп, ал MACD оларға жете алмаған жағдайда пайда болады. Аюдың қосылуы, баға жаңа минимумдарға жетіп, ал индикатор — жетпегенде пайда болады. Алшақтықтың екі түрі де барынша маңызды, егер олар қайта сатып алу/ қайта сату аймағына қалыптасатын болса.

Есептеу

Moving Average Convergence/Divergence Техникалық индикаторы 26-периодтық экспоненциалды сырғымалы орташаны 12-перидтықтан шегеру арқылы анықталады. Содан кейін MACD графигіне пунктир сызықпен оның сигналдық сызық рөлін атқаратын 9-перидтық қарапайым сырғымалы орташасы салынады.

MACD = EMA(CLOSE, 12)-EMA(CLOSE, 26)

SIGNAL = SMA(MACD, 9)

Мұнда:

EMA - экспоненциалды сырғымалы орташа

SMA - қарапайым сырғымалы орташа

SIGNAL - индикатордың сигналдық сызығы

   Индикаторлар тізіміне оралу   
Индикаторлар тізіміне оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.