Сондай-ақ қараңыз
Баға - бұл өзгеретін соңғы элемент. Баға өзгермес бұрын нарықтың қозғаушы күші өзгереді, ал қозғаушы күш өз бағытын өзгертер алдында қозғаушы күштің үдеуі баяулап, нөлге дейін жетуі тиіс. Содан кейін ол баға өзінің бағытын өзгертуді бастағанша, қарама-қарсы бағытта үдеуін бастайды.
Үдеу/Бәсеңдеу (Acceleration/Deceleration, AC) Техникалық Индикаторы ағымдағы қозғаушы күштің үдеуін және баяулауын өлшейді. Бұл индикатор қозғаушы күштің өзгеруі алдында бағытын өзгертеді, ол өз кезегінде бағаның өзгеруі алдында өз бағытын өзгертеді. АС бұрыннан берілген ескерту сигналы болып табылатыны туралы түсінігін айқын артықшылықтардан көруге болады.
Нөлдік сызық – бұл, шын мәнінде, қозғаушы күштің үдеумен теңдестірілген орны. Егер Үдеу/Бәсеңдеу (Acceleration Deceleration, AC) нөлден жоғары болса, онда әдетте үдеу үшін жоғарыға қозғалысты жалғастыру (және керісінше, нөлден төмен болғанда) жеңіл болмақ. Аwesome Оscillator айырмасы, нөлдік сызықтың қиылысы сигналды білдірмейді. Нарықты бақылау үшін және шешімдер қабылдау үшін қажеттісі – түстің өзгеруін қадағалау. Үлкен ой-толғауларға жол бермес үшін, мынаны есте сақтау керек: ағымдағы баған қызыл түске боялғанда АС көмегімен сатып алу орынсыз және ағымды баған жасыл түске боялғанда сату орынсыз болмақ.
Егер нарыққа қозғаушы күш бағытында кірсе (Acceleration/Deceleration индикаторы сатып алу кезінде нөлден жоғары болады немесе сату кезінде нөлден төмен болады), онда сатып алу үшін екі жасыл баған қажет болады (сату үшін екі қызыл баған). Егер қозғаушы күш ашылатын позицияға қарама- қарсы болса (сатып алу кезінде индикатор нөлден төмен немесе сатқан кезде нөлден жоғары), растау қажет, сондықтан қосымша баған қажет болады. Бұл жағдайда, индикатор қысқа позиция үшін нөлдік сызықтан жоғары үш қызыл бағанды көрсетуі керек және ұзын позиция үшін нөлдік сызықтан төмен үш жасыл бағанды көрсетуі керек.
АС гистограммасы — бұл қозғаушы күш гистограммасының 5/34 мәні және осы гистограммадан алынған 5-периодтық қарапайым сырғымалы орташаның арасындағы айырма.
MEDIAN PRICE = (HIGH + LOW) / 2
AO = SMA (MEDIAN PRICE, 5) — SMA (MEDIAN PRICE, 34)
AC = AO — SMA (AO, 5)
Где:
MEDIAN PRICE — медиан бағасы;
HIGH — бардың максималды бағасы;
LOW — бардың минималды бағасы;
SMA — қарапайым сырғымалы орташа;
AO — Awesome Oscillator индикаторы.