Сондай-ақ қараңыз
Форекс нарығы және қор нарығы (акциялар мен бағалы қағаздар нарығы) – бұл қаржы нарықтары өзара тығыз байланысты, алайда онда жасалатын операциялардың принципімен ерекшеленеді. Форексте сауда валютамен, ал қор нарығында акциялармен және облигациялармен жүзеге асырылады. Ең үлкен ор биржалары Нью-Йоркте, Лондонда және Токиода орналасқан. Қор нарығының Форекс нарығынан басты айырмашылығы сауда жүргізілетін сомадағы айырмашылық болып табылады. Қор нарығында акцияларды сатып алу үшін өте үлкен капитал қажет – оннан бастап жүздеген, тіпті мыңнан асатын қаржы қажет. Қор нарығында сауда біршама байыпты және сабырлы қарқынмен жүреді, ал Форекс нарығында аз уақыт ішінде қомақты қаржы табуға да, сондай-ақ қомақты шығынға ұшырауға да болады. Кейбір трейдерлер Форекс нарығында қомақты қаржы жинап, кейіннен Қор нарығына ауысады.
Қор нарығы, өз кезегінде, бастапқы және қайталама қор нарықтарына бөлінеді. Бастапқы қор нарығы елдің нарықтық экономикасында маңызды рөл атқарады. Оның даму қарқыны мен тиімділігі көбінесе соған байланысты болады. Онда алғаш рет шығарылған бағалы қағаздарды орналастыру жүріп жатады. Осы нарықта бағалы қағаздарды сатып алушылар - бұл әдетте жеке және институционалдық (инвестициялық қорлар, сақтандыру ұйымдары және т. б.) инвесторлар. Бағалы қағаздар бастапқы нарықта инвесторларға тікелей жүгіну және делдалдар арқылы орналастырылады.
Қайталама қор нарығына биржадан тыс нарық және қор биржалары кіреді. Онда айналысқа шығарылған және бағалы қағаздар басқа инвесторларға қайта сатылады. Бастапқыдан айырмашылығы, қайталама нарық елдің инвестиция көлеміне әсерін тигізбейді. Осы нарықтың басты қатысушылары бағалы қағаздарды төмен бағамен сатып алып, содан кейін оларды неғұрлым жоғары бағамен сататын алып-сатарлар болып табылады.
Қор нарығындағы маңызды реттеуіштің бірі - оның бағасы. Оны қалыптастыруға мамандар, эмитенттер, делдалдар мен инвесторлар қатысады. Қор нарығындағы баға бірнеше принциптерге сәйкес қалыптасады: қағаздың тиімділігі (олардың бағыттылығы, олардың пайдалылығын азайту, инвесторлардың оларға деген қажеттіліктері), айырмашылығы, олардың кірісін азайту және көбейту. Бұл принциптер қор нарығында бағаның түзілу стратегиясы арқылы жүзеге асады: бастапқы жоғары немесе төмен бағаны қою, сатудан тез пайда алу, нарыққа кіру, нарықтың бір бөлігін иелену.
Қайталама қор нарығына биржадан тыс нарық және қор биржалары кіреді. Онда айналысқа шығарылған және бағалы қағаздар басқа инвесторларға қайта сатылады. Бастапқыдан айырмашылығы, қайталама нарық елдің инвестиция көлеміне әсерін тигізбейді. Осы нарықтың басты қатысушылары бағалы қағаздарды төмен бағамен сатып алып, содан кейін оларды неғұрлым жоғары бағамен сататын алып-сатарлар болып табылады.
Қор нарығында акциялармен жұмыс түрлі бағыттарда жүргізіледі. Акциялар олардың бағамдық айырмасы түрінде пайда алу үшін, дивидендтер және т.б. алу үшін алынады. Қор нарығының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қарамастан, онда жұмысты бастар алдында талдау жүргізіледі, оның негізгі міндеті- инвестициялар тәуекелін мейлінше азайту болып табылады.