empty
 
 

Форекс нарығында доллармен қатар жүретін валютаның негізгі жұптарынан басқа (major), доллары жоқ кросс-валюта жұптары да бар. Валютаның негізгі жұптарымен саудалағанда доллар қозғалысын талдау саудалау кезінде басты мәселеге айналады. Жұптағы екінші валютаны (EUR – еуро, JPY – жапон иенасы, CHF – швейцар франкы, GBP – британ фунты) талдау екінші кезекке кетеді.

Кросс-валюта жұптарымен жұмыс істегенде бір валютаны бағалау АҚШ долларымен емес, екінші валютаның бірлігімен жүргізіледі. Осы жұптардың валютасының бағамдары кросс-бағамдар деп аталады. Ең көп саудаланатыны деп еуро валютасы кіретін жұптарды айтуға болады: EUR/CHF, EUR/GBP, EUR/AUD. Аталған жұптар бір-бірінен жоғары өтімділігімен ерекшеленеді. EUR/CHF жұбының өтімділігі USD/CHF жұбының өтімділігінен(швейцар франкымен саудалауды қалайтын институционалды ойыншылардың арқасында) жоғары болатын жағдайлар да болады.

Кросс-валюта жұптарының белсенді саудаланатын басқа тобына иена кіреді, ол мына жұптар: CAD/JPY – канада доллары және иена, NZD/JPY – Жаңа зеландия доллары және иена, GBP/JPY – британ фунты және иена. Иена кіретін бұл кросс-валюта тобы, солар бойынша керри-трейд (Carry Trade) мәмілелерін жасау мүмкіндігінің арқасында инвесторлар мен трейдерлер арасында кеңінен танымал.

Керри-трейд пайыздық мөлшерлемесі салыстырмалы түрде төмен деңгейде болатын белгілі бір валютаны, мысалы йена сияқты, сатуды, содан кейін пайыздық мөлшерлемесі жоғары валютаны сатып алуды білдіреді, бұл екі мөлшерлеменің арасындағы айырманы алуға мүмкіндік береді. Дамыған елдерде, атап айтқанда Канада, Жаңа Зеландиия және Ұлыбританияда пайыздық мөлшерлемелер айтарлықтай жоғары, сондықтан, керри-трейд мәмілелерінде жапон иенасына қарсы сауда жүргізілген кезде осы елдердің валюталары кеңінен танымал болады.

Негізгі валюта жұптарымен саудалау кезінде АҚШ доллары мен жұптағы екінші валюта күштері бойынша тең келетін жағдайлар да орын алуы мүмкін. Осындай сәттерде қалай әрекет ету керектігі түсініксіз, өйткені америка долларының қай бағытта жүретіні белгісіз.

Сонымен, егер АҚШ пен Еуро аймақта үлкен экономикалық өсім жүрсе, онда позицияның қандай – ұзын немесе қысқа екеніндігі туралы сұрақ оңайға соқпайды.

Еуро-йена (EUR/JPY)кросс-валюта жұбы бойынша саудалаудың қолайлы сәті, мысалы, Солтүстік Корея тарапынан көрсетілген геосаяси қауіп-қатерлердің себебінен, йена қиын жағдайға қалатын кездер болуы да мүмкін.

Кеңінен танымал кросс-валюта жұптарын қарастырайық.

EUR/CHF: Сауда кезіндегі Швейцарияның басты серіктесі Еуро аймақ болып табылады. Швейцар франкының пайыздық мөлшерлемесі біршама төмен, сол себепті осы жұпты керри-трейд мәмілелерін жасау үшін жиі қолданады. Жұп 2006 жылдың басынан бері трендтің жақсы қозғалысын көрсетуде. 2011 жылдан бері EUR/CHF бағамы EUR бағамына 1,2000 деңгейде байланған (Швейцарияның Орталық банкі тарапынан болатын бақылаудың себебінен бағам осы деңгейден төмен түсе алмайды).

EUR/JPY: Өте танымал кросс-валюта жұбы, өйткені USD/JPY және EUR/USD жұптарымен өзара байланысты. Жапония мен еуро аймақтың пайыздық мөлшерлемесі мен өсім айырмасын негізге алып, трейдерлер оның қозғалысында жиі алып-сатарлық жасайды.

NZD/JPY: Керри-трейд мәмілелерін жасау кезінде кросс-валюта жұптарының арасында үлкен сұранысқа ие, өйткені дамыған елдерден оның пайыздық мөлшерлемесіндегі айырмасы өте жоғары. NZD/JPY ұзын позицияларды ашу үшін өте лайықты, әсіресе, егер жалпы іргелі және техникалық көрсеткіштер оның өсуі үшін қолайлы болса.

EUR/GBP: Ұлыбританияның басты серіктестерінің ішінде маңыздылығы бойынша еуроаймақ екінші орында тұр. Сондықтан егер сауда Англияның және британ фунтының іргелі факторларын ескере отырып жүргізілсе, онда EUR/GBP жұбын саудалау дұрыс шешім болмақ.

CAD/JPY: Мұнай бағасы қозғалысын күні бұрын жорамалдап білуді сол кросс-валюта жұбының көмегімен Форексте қолдануға болады. Канада мұнай қоры бойынша әлемде екінші орында тұр, таза экспорттаушы болып табылады және мұнай бағасының өсуінен пайда табады. Жапония, мұнайдың басты импорттаушысы, керісінше, шығынға батуда. Сондықтан, егер мұнай бағасы өседі деп күтілсе, онда бұл осы кросс-валюта жұбы бойынша ұзын позицияны ашу үшін қолайлы кез болмақ.

Кросс-валюта жұптарымен сауда жүргізіп, керри-трейд мәмілелерін ашып және екі елдің де экономикалық жағдайларының артықшылықтарын пайдалануға болады. Әрбір кросс-валюта жұбының өз сипаты, пайыздық мөлшерлемедегі айырмасы бар және трендтің әрі қарай қозғалысын көрсететін қандай да бір саяси және экономикалық жағдайлардан тәуелді болады.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.