empty
 
 

ПАММ-шоттар жүйесі Басқарушы Трейдерлерге қандай мүмкіндіктер береді:

  • Бір шотта барлық инвестициялармен жұмыс істеу
  • Инвестициялардың көлеміне шектеулердің болмауы: әрбір Инвестор шотқа 1-ден жүздеген мың доллар салып, шоттағы сәйкес үлесін алады
  • Тез және ыңғайлы тіркелу
  • Тіркеуден кейін трейдерлердің мониторингте көрінуі
  • Нақты уақыт режимінде Инвесторлардан түскен өтінімдерді алу
  • Инвестициялауға өтінімдер туралы E-mail және SMS-хабарламалар
  • Инвестициялауға өтінімдерді қабылдамаудың мүмкіндігі: сіз өзіңізге ұнайтындарды ғана қабылдайсыз
  • Басқарушы Трейдердің пайда үлесін автоматты түрде есепке алу
  • Инвесторға қаражатты қайтарғаннан кейін Басқарушы Трейдердің пайдасын бірден автоматты түрде төлеу
  • Трейдердің бастамасы бойынша Инвесторға қаражатты қайтару мүмкіндігі: сіз өз бастамаңызбен пайдаңыздың бір бөлігін алуыңызға болады
  • Шоттағы өз үлесіңізді алу мүмкіндігі: Инвесторларды тапқаннан кейін сіз өз шотыңыздан қаражатты ала аласыз (мәмілелер бойынша міндеттемелерден еркін, сіздің қаражатыңыздың бір бөлігі)
  • Мониторингте көрсету мүмкіндігі және Интернет желісіндегі мониторингте сіздің парақшаңызды жарнамалау мүмкіндігі

Қалай Басқарушы Трейдер болуға болады?

ИнстаТрейд компаниясының ПАММ-шоттар жүйесінің аясында Трейдте тіркелген сауда шоты бар, компанияның әрбір клиенті Басқарушы Трейдер бола алады. Егер сіздің ИнстаТрейд компаниясында сауда шотыңыз бар болса, ПАММ-шоттар жүйесінде тіркелу үшін сізге клиенттік кабинетте авторланып, сол жақ менюде "ПАММ-жүйе" пунктын таңдауыңыз керек. Содан кейін сізге Инвесторлардың қарауы үшін қолжетімді болатын, инвестициялық жобаның атауы, байланыс ақпараты, сондай-ақ сіздің ПАММ-шотыңыздың көрінісін баптау кіретін ПАММ-шоттар жүйесінде тіркеуден өту ұсынылады.

Тіркеуден кейін бірден Сіздің сауда шотыңыз ПАММ-жүйесінің бір бөлігіне айналады және клиенттік кабинеттің ішінде әлеуетті Инвестордың қарауы үшін қолжетімді мониторингте, компанияның ресми сайтында, сондай-ақ ИнстаТрейдтің серіктестерінің сайттарында пайда болады.

Тіркелгеннен кейін алғашқы сағаттардан бастап сіз қаражатты инвестициялауға өтінімдерді ала бастайсыз, оларды сіздің қабылдауыңызға немесе кері қайтаруыңызға болады. Инвесторлардан ағымдағы өтінімдердің тізімі "Менің инвестицияларым" сілтемесі бойынша клиенттік кабинеттің ПАММ-тарауында қол жетімді.

ИнстаТрейд компаниясының ПАММ-жүйесінің қалай басқарушы трейдері болу туралы қосымша ақпаратты алу үшін, өтінеміз, ПАММ-жүйесінде тіркелу бетіне кіріңіз.


Инвесторлардан пайданың үлесін алу.

ПАММ-жүйесінің маңызды бөлігі Басқарушы Трейдерлердің инвестициялайтын құралдарды басқару қызметтерін көрсеткені үшін төлем ретінде Инвесторлардан пайданың үлесін алу болып табылады. Пайданың үлесі тіркеу барысында көрсететін Басқарушы Трейдердің пайдасының пайызы негізінде есептеледі. Сөйтіп, Инвестор қаражатты инвестициялаған және ПАММ-шотта пайда алған жағдайда Трейдерге ПАММ-шоттағы үлесіне пропорционал болатын пайданың бір бөлігімен қоса, Инвесторға қаражатты қайтарғаннан кейін бірден Басқарушы Трейдердің ПАММ-шотына қайтарылатын Инвестордың пайдасының бір бөлігі де тиесілі болады.

Басқарушы Трейдерлердің ПАММ-шотының жұмыс істеу мысалы:

ПАММ-шоттар жүйесінде тіркеліп, ПАММ-шотты толтырғаннан кейін сіз саудалауды бастап, сауданың оң нәтижелерін көрсетесіз. Сіздің ПАММ-шотқа қаражатты инвестициялау туралы шешім қабылдайтын Инвестор қызығушылық танытады. Сіз қаражатты инвестициялау туралы оның өтінімін алдыңыз. Сіз оны мақұлдап, инвестицияланатын соманың Сіздің ПАММ-шотыңызға аударылуын күтесіз. Қаражаттың аударымы бір сағатта бір рет жүзеге асырылады, осылайша, күтудің орташа уақыты жарты сағаттан аспауы керек. Инвестицияларды сіздің ПАММ-шотқа алғаннан кейін, сіз саудалауды бастайсыз. Пайданы алған жағдайда ПАММ-шотқа қатысушылардың әрқайсысына (сіз және Инвестор)тиесілі үлестер мониторингтегі шотты қарау бетінде көрсетіледі. Егер Инвестор немесе сіз Инвесторға қаражатты қайтару процесін бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, ПАММ-шоттағы Инвесторға тиесілі үлес есептен шығарылады. Сонымен бір мезетте Инвестордың пайдасының бір бөлігі Сіздің сауда ПАММ-шотыңызға қайтарылады.


Бір мезгілде ПАММ және InstaCopy жүйелерінде тіркеу.

ИнстаТрейд клиенттерінің бір мезгілде бір сауда шотынан екі сервиске тіркелу мүмкіндігі бар. Сөйтіп, бір шотта саудалап, трейдер өзінің ПАММ-жобасына инвестицияларды қабылдап қана қоймай, өзінің мәмілелерін InstaCopy жүйесінің аясында көшіруге рұқсат етеді. Өз кезегінде, ИнстаТрейд компаниясының клиенттері бір мезгілде екі жүйеде тіркелген қандай да бір трейдердің саудасынан өз пайдасын қандай тәсілмен алуға ниетті екенін — оны ПАММ-инвестор ретінде ПАММ-жобаға инвестициялау немесе оның мәмілелерін InstaCopy Жазылушы ретінде көшіруді өздері таңдай алады.

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.