empty
 
 

ПАММ-жүйесіне қатысушы әрбір Инвестор келесі мүмкіндіктерді алады:

  • Басқарушы Трейдерлердің көптеген шоттарының мониторингіне қол жеткізу, солардың ішінде Инвестор шоттарына қаражатты инвестициялауға дайын болатындарды таңдап алу
  • Кез-келген Басқарушы Трейдердің шотына сауданың оң нәтиже беретініне сенімділік дәрежесіне қарай қаражатты кез-келген көлемде инвестициялау
  • Әр түрлі шоттарға инвестициялау арқылы тәуекелді әртараптандыру, сондай-ақ ұсақ сомаларды пайдалану
  • Сол шоттарға қайта инвестициялау: инвестициялау санына шектеу қойылмайды
  • ПАММ-Инвестордың кабинеті арқылы тапсырыс берілетін ПАММ-Трейдердің шотынан қаражатты автоматты түрде қайтару
  • Ағымдағы пайда туралы ақпаратты қамтитын Басқарушы Трейдердің сауда шотының жай-күйін қарау
  • Байланыс үшін Басқарушы Трейдердің толық байланыс ақпаратын алу
  • Басқа Инвесторлар жүзеге асырған, сол сауда шотына инвестициялардың саны мен көлемі туралы ақпарат қамтылған, Басқарушы Трейдердің сауда шотының статистикасын қарау
  • Басқарушы Трейдердің алуынан қаражатты қорғау кепілдігі: мәмілелерге қатыспаған, ПАММ-шоттағы оның меншікті қаражатының тек бір бөлігі ғана Басқарушы Трейдердің алуы үшін қол жетімді болмақ

Қалай ПАММ-Инвестор болуға болады?

ИнстаФорекс компаниясының сауда шоты бар әрбір клиенті ПАММ-Инвестор бола алады. Бұл үшін клиенттік кабинетте авторланып, сол жақ менюде "ПАММ-Жүйе" пунктты таңдаса жеткілікті, содан кейін сізге ПАММ-жүйенің аясында қызметті пайдалану туралы Келісімді құптау кіретін ПАММ-жүйесінде тіркеу рәсімінен өту, сондай-ақ сіз инвестициялайтын әрбір Басқарушыға Трейдерге көрінетін байланыс деректерін (e-mail және телефон) көрсету ұсынылады.

Тіркеуден кейін бірден Сіздің сауда шотыңыз ПАММ-Инвестордың шотына айналады. Бұл дегеніміз, сауданың қарапайым функцияларымен қатар, қаражатты Басқарушылар Трейдерлердің шоттарына инвестициялауды көздейтін ПАММ-жүйесінің қызметтер ауқымы Сізге қолжетімді болатынын, сондай-ақ мониторинг қолжетімді болатынын білдіреді. Сіз ПАММ-жүйесінде тіркелгеннен кейін алғашқы минуттарда-ақ инвестициялауды жасай аласыз, алайда, ПАММ-жүйесінің аясында нақты әрекеттер жасар алдында біз ПАММ-жүйесінің барлық мүмкіндігімен танысуға, сіздің ПАММ-жүйені іс-тәжірибеде зерттеп білуіңіз үшін үшін аздаған сомалармен инвестициялауды бастауға кеңес береміз.

Кеңес: инвестициялау және қаражаттарды қайтарудың барлық кезеңдерін білу үшін, ең төменгі соманы - 1 долларды инвестициялауға болады. Бұл қаражатты Басқарушы Трейдердің шотына инвестициялаудың барлық кезеңдерін іс-жүзінде көруге және үлес пен пайданы есептеу қағидаларының дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.