Сондай-ақ қараңыз
Д. ДиНаполи стилінде саудалау кезіндегі Фибоначчи түзету және кеңейту деңгейлері немесе жәй ғана Д. ДиНаполи деңгейлері тұтас жүйе ретінде қарастырылуы керек.
Төменде Д. ДиНаполи стилінде саудалау кезіндегі Фибоначчи деңгейлерін қалай пайдаланудың шағын сипаттамасы берілген.
Түзетудің барлық деңгейлерінен (.236, .382, .50, .618, .764) Д. ДиНаполи екеуін ғана таңдаған– .382 және .618. Менің пікірім бойынша, осы деңгейлердің екеуі де кіру үшін қолданылғандықтан, осындай таңдау жасалды және Сіздің 61,8% немесе 76,4% деңгейде кіретеніңіз маңызды емес, екі жағдайда да Сіздің қорғаныс стоптарыңыз толқын басталуынан (немесе реакциядан) төмен/жоғары орналасады. Сіз Фибоначчи түзету нүктелерінің (Фиб-түйіндер) қандай екенін 1 суреттен көре аласыз. Д. ДиНаполи кіру техникасын білсеңіз, осы екі деңгей жеткілікті болмақ.
1 сурет. Фибоначчидің Фиб-түйіндері
Кеңейту деңгейлерінің саны да көп емес. Автор бар болғаны үш деңгейді пайдаланады, және тағы біреуі – соның техникасын пайдалана отырып саудалайтын трейдерлер кейінірек қосқан, супер кеңейтілген мақсатты нүкте.
1. COP – Көтерілген мақсатты нүкте (Contracted Objective Point) = .618 - В түзетуші толқынның ұшынан бастап өлшенген А толқынның ұзындығы;
2. OР - Мақсатты нүкте (Objective Point) = 100% - В толқынның ұшынан бастап өлшенген А толқынның ұзындығы;
3. XOP – Кеңейтілген мақсатты нүкте (Expanded Objective Point) = 1.618 - В бастап өлшенген А толқынның ұзындығы;
4. SXOP – Супер кеңейтілген мақсатты нүкте (super expanded objective point) = 2.618 -В толқыннан бастап өлшенген А толқынның ұзындығы.
Кеңейтудің дәл осы деңгейлерін пайдаланудағы ең тартымдысы және қисындысы, түзету толқындарының ұзындығының да мәні бар – өлшеудің барлығы B түзету толқындарының ұшынан басталады. Бұл техниканың қисынды әрі ақылға қонымды екеніне мен сенімдімін.
Форекс нарығына жаңа келгендер рөлі мен жағдайы онша анық емес толқынның кеңейтуі мен кейін қайтуын жиі есептейді. Есептеулерге басым айқындықты енгізу үшін, Д. ДиНаполи спецификалық Фиб-түйіндерді көрсететін «реакция нөмірі» терминін енгізді. Төмендегі суретте реакция нөмірі және соларға сәйкес Фибоначчи кеңейтілуі көрсетілген. Реакция нөмірлерінің арқасында Сіз кеңейтудің әрбір нүктесінің нені білдіретінін және ол бастауын қайдан алатынын білетін боласыз. Сіз сондай-ақ, «кездесулер» аймағын көре аласыз, онда реакцияның түрлі сандары бар экспансиялар, шамамен алғанда, ең көп дегенде бір аймаққа түседі.
Соңғы сурет Фибоначчи түзетудің, қолдау мен кедергінің күшті деңгейлерін беріп, қиылысатын кеңейтулер мен аймақтың барлық деңгейлерін көрсетеді.