empty
 
 
Жиі қойылатын сұрақтар

Возникли вопросы?

Мы знаем на них ответы! На этой странице мы постарались ответить на самые распространенные вопросы о партнерской программе, торговых условиях, ПАММ-системе, регистрации, верификации и многом другом.
InstaCopy жүйе бойынша сұрақтар
InstaCopy-жүйе деген не?

Бұл жүйе, InstaCopy Трейдердің мәмілелерін нақты уақыт режимінде көшіруге және оларды InstaCopy Жазылушылардың шоттарында автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте InstaCopy Жазылушылар әрбір InstaCopy Трейдердің бір тәулікте көшірілген мәмілелер санын реттей алады, көшірілетін лоттардың ара-қатынасын және өз шотына көшіру үшін белгілі бір аспаптарды таңдай алады.


Мен InstaCopy Жазылушы ретінде мәмілелердің менің шотыма қандай аспаптар бойынша және ашылатын лоттардың қандай ара-қатынаста көшірілетінін таңдай алам ба?

Иә, сіз мәмілелердің бәрін, сондай-ақ көшірілетін лоттардың алдын-ала қойылған ара-қатынасы бар белгілі бір аспаптар бойынша мәмілелерді де көшіре аласыз.


InstaCopy Трейдер көшіргені үшін комиссиясын қашан алады?

Комиссия InstaCopy Трейдерге мынадай жағдайларда есептеледі:
– InstaCopy Трейдердің немесе InstaCopy Жазылушының бастамасы бойынша жазылуды тоқтатқан кезде;
– ролловер функциясын активтегенде, бұл ретте InstaCopy Жазылушының шотында мәмілелерді көшіру жазылуды тоқтатпай жалғаса береді;
– егер InstaCopy Трейдер күнделікті "Жазылу күнгі баға" төлем әдісін таңдаса, онда ол комиссияны күн сайын сағат 23:30 GMT+2 алады.


InstaCopy жүйесінде мәмілелерді көшірудің жылдамдығы қандай?

MetaTrader терминалында ордерлердің пайда болуының кідірісі 15 секундтай уақытты алады, бірақ ордерлер InstaCopy Трейдердің шотында ашылған ордерлерге ұқсас болады.


Неге көшіру үшін валюта жұптарын қолмен таңдау кезінде шағын тізім ғана қолжетімді?

Осы тізімде ең жиі қолданылатын аспаптар берілген. Егер сіз "ИнстаТрейдтің барлық сауда аспаптарын" көшіру баптауын таңдасаңыз, онда трейдер саудалайтын барлық аспаптар көшіріледі, соның ішінде фьючерстер, акциялар және т.б.


InstaCopy Трейдер мен оның мәмілелерін көшіруге жазылған кезде, комиссияны өзгертті. Мен комиссияны бұрынғы шарттар бойынша төлеймін бе әлде жаңа шарттармен бе?

Жазылым аяқталғанға дейін сіз комиссияны сол InstaCopy Трейдерге жазылған кезде өзіңіз келіскен бұрынғы шарттар бойынша төлейсіз, ал жаңа InstaCopy Жазылушылар мәмілелерді жаңа шарттармен көшіреді.


Егер InstaCopy Трейдер көшірілген ордерді түрлендірсе, InstaCopy Жазылушының ордерді баптауы өзгере ме?

Иә, InstaCopy Жазылушының да ордерді баптауы өзгереді.


Егер InstaCopy Жазылушының InstaCopy Трейдерге комиссия төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болса, онда трейдер оны алмай ма?

Егер InstaCopy Жазылушының InstaCopy Трейдерге комиссия төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болса, онда бұл жағдайда барлық қолжетімді қаражат комиссия бойынша берешекті өтеу үшін шегеріледі, ал қалдығы жүйеде тіркеліп, InstaCopy Жазылушы шотын толтыру кезінде, бірақ жазылу аяқталғаннан кейін 72 сағаттан (3 тәулік) кешіктірмей, шегеріледі.


Мен InstaCopy Трейдерден бас тарта алам ба?

Иә, сіз белгілі бір InstaCopy Трейдерден бас тарта аласыз, бірақ бұл үшін сол трейдердің барлық көшірілген және қазіргі уақытта ашық мәмілелерін жабу керек.


InstaCopy Трейдер өз шотынан мәмілелерді көшіруінен InstaCopy Жазылушыдан бас тарта ала ма?

Иә, InstaCopy Трейдер өз шотынан мәмілелерді көшіруінен InstaCopy Жазылушыдан бас тарта алады, бірақ бұл үшін трейдердің шотынан көшірілген барлық мәмілелер жазылушының шотында жабық болуы тиіс, сондай-ақ жазылушыдан алынатын комиссия 0 көп болуы тиіс.


Кейінге қалдырылған ордерлерді InstaCopy Жазылушылардың шоттарына көшіру қалай жүзеге асырылады?

Кейінге қалдырылған ордерлер InstaCopy Жазылушылардың шоттарына InstaCopy Трейдердің шотында активтеу кезінде көшіріледі.


Мәмілелерді көшіруді бастау үшін InstaCopy Жазылушының шотындағы минималды балансқа қойылатын талаптар бар ма?

Иә, InstaCopy Жазылушының шотында мәмілелерді көшіруді бастау үшін кемінде 10 USD болуы тиіс(бонус қаражаттарын ескерусіз).


Мен InstaCopy Жазылушы бола тұрып, InstaCopy Трейдердің көшірілген мәмілесінің күшін жоя алам ба, егер бұл мәміленің шығынды болуы ықтималды деп санасам?

Сіз оны MetaTrader сауда терминалында жаба аласыз, бірақ сіз оның күшін жоя алмайсыз.


Жазылымға өтінім автоматты түрде қабылдана ма немесе InstaCopy Трейдер жазылымды растауы керек пе?

Мәмілелерді көшіруге өтінімдердің бәрі автоматты түрде де, сондай-ақ InstaCopy Трейдердің қалауы бойынша және қолмен жұмыс істеу режимінде де қабылдануы мүмкін. Егер 72 сағат бойына(3 тәулік) өтінім мақұлданбаса, онда ол автоматты түрде күшін жояды.


Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.