Сондай-ақ қараңыз
Әрбір валютаның өзінің үш әріптен тұратын ISO-коды бар. Әдетте, ISO-кодтың алғашқы екі әрпі валютаны шығарған елді, ал үшінші әрпі — валюта атауын көрсетеді. Ең өтімді валюта АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), жапон йені (JPY), британ фунты (GBP), швейцария франкы (CHF)болып саналады.
Бір валютаның құны басқасына қатысты үнемі ауытқиды — өседі немесе төмендейді. Мәселен, америка доллары еуроға қатысты төмендеуі мүмкін, австралия долларымен салыстырғанда өсуі мүмкін. Осыған байланысты валюта әрқашан жұппен саудаланады және бір-біріне қатысты бағасы белгіленеді. Жұптағы валюталардың белгіленуі «/» белгісімен бөлінеді — EUR/USD, USD/JPY, GBP/USD және т.б.
Шын мәнінде, валюта жұбы — бұл осы жұпқа кіретін валюта бағасының қатынасы. Мысалы, EUR/USD жұбының құны 1 EUR-ға қанша USD сатып алатыныңызды көрсетеді. Жұптағы бірінші валюта базалық, екіншісі — бағасы белгіленген деп аталады. Еуро әлемнің басқа валюталарына қатысты базалық болып табылады. Валюта жұптары іргелі сипаттамаларына сәйкес үш топқа бөлінеді: негізгі (Major), негізгі емес (Minor) және экзотикалық (Exotic). Бірінші топ ең саны азы деп саналады, алайда, бұл оған сауда көлемі бойынша көшбасшы болуға кедергі ккелтірмейді. Форекс нарығындағы барлық операциялардың шамамен 75% негізгі топқа жататын валюта жұптарына тиесілі. Major тобының басым бөлігі, бірден ең өтімді әлемдік екі валютамен түзілген жұптардан құрылған.
Бүгінгі таңда негізгі валюта жұптары болып саналатындар:
Символ | Атауы | Ауызекі айтылуы |
---|---|---|
EUR/USD | Еуро-Доллар | Еуро |
USD/JPY | Доллар-Йен | Йен |
GBP/USD | Фунт-Доллар | Стерлинг немесе Кабель |
USD/CHF | Доллар-Франк | Свисси (Swissy) |
AUD/USD | Австралия Доллары-Доллар | Оззи (Aussie) |
USD/CAD | Доллар-Канада Доллары | Луни (Loonie) |
NZD/USD | Жаңа зеландия Доллары-Доллар | Киви (Kiwi) |
Құрамында Америка доллары жоқ жұптар, кросс-валюта жұптары немесе кросс-бағамдар деп аталады. Келесі кросс-бағамдар белсенді саудаланады:
Символ | Атауы |
---|---|
EUR/CHF | Еуро-Швейцария доллары |
EUR/GBP | Еуро-Стерлинг |
EUR/JPY | Еуро-Йен |
GBP/JPY | Стерлинг-Йен |
AUD/JPY | Оззи-Йен |
NZD/JPY | Киви-Йен |
Сол сәтте неміс валюта нарығы британдыққа қарағанда тартымды бола бастады, алыпсатарлар фунт стерлингті марка мен долларға жаппай сатуға кірісті. Валюта дағдарысының салдары:
Нәтижесінде фунт еркін айналымды айырбас бағамына оралды.
Валюта жұбы | Дағдарысқа дейінгі мәні(08.2008) | Дағдарыстан кейінгі мәні (01.2010) | Өзгеріс, % |
---|---|---|---|
USD/JPY | 110.38 | 89.97 | -18.5 |
GBP/JPY | 213.50 | 142.79 | -33.22 |
EUR/JPY | 168.48 | 122.16 | -27.5 |
Кестеден көретініміздей, дағдарыс кезінде йен долларға қатысты 18% астам, еуроға қатысты — 27,5%, фунтқа — 33% нығайды. Доллар өз позицияларын нығайтқан валюталардың ішінде төртінші орынды иеленді. Бір қызығы, ондаған триллион долларды құрайтын, АҚШ-тың ұдайы өсіп отырған сыртқы қарызына қарамастан, доллар әлемдегі ең сенімді валюта болып қалуда. Инвесторлар американың ұлттық валютасына деген сенімін жалғастыруда. Төменде долларға қатысты валюта бағамдары өзгерісінің кестесі берілген:
Валюта жұбы | Дағдарысқа дейінгі мәні(08.2008) | Дағдарыстан кейінгі мәні (01.2010) | Өзгеріс, % |
---|---|---|---|
EUR/USD | 1.5619 | 1.4328 | -8.3 |
USD/CHF | 1.0820 | 1.0555 | -2.5 |
GBP/USD | 1.9774 | 1.5990 | -19.2 |
Деректерден көретініміздей, дағдарыс кезінде доллар еуроға қатысты 8,3%, фунтқа — 19,2% нығайған, сол кезде йен мен франкке қатысты сәйкесінше 18,5% және 2,5% құлдыраған. Еуро нығайған валюталар рейтингісінде 12 орын алды. Еуроның қозғалысына келесі факторлар теріс әсерін тигізді: еуро аймақтың бірқатар елдерінің (Германия, Франция, Италия) ЖІӨ қысқаруы, ЕО өндіріс деңгейінің құлдырауына қатысты қауіп, Еуропалық одаққа мүше елдердің бірқатарының сыртқы ірі борышының болуы, инвесторлардың валюта -баспаналарға(долларға және йенге)қызығушылығы. Еуроға қатысты валют бағамдары өзгерісінің кестесі төменде берілген:
Валюта жұбы | Дағдарысқа дейінгі мәні(08.2008) | Дағдарыстан кейінгі мәні (01.2010) | Өзгеріс, % |
---|---|---|---|
EUR/CHF | 1.6352 | 1.4747 | -8.8 |
EUR/GBP | 0.7900 | 0.8991 | 13.8 |
EUR/AUD | 1.6974 | 1.5658 | -7.7 |
Қаржы дағдарысы кезінде еуро келесі негізгі валюталарға қатысты әлсіреді: долларға 8,3%, йенге 27,5%, франкке 8,8%, австралия долларына 7,7%.
Сонымен, Форекс нарығы әлемдік қаржы дағдарысынан зардап шекпей, керісінше, содан нақты пайда ала білді. Котировкалардың қарқынды өзгерісінен валюта трейдерлері табатын пайда адам айтқысыз ауқымды көлемге жетті. Дағдарыс — экономикалық күйзелістер, әлеуметтік шиеленіс қана емес, инвестициялар мен көптеген қордаланған мәселелерді шешудің сәтті кезеңі.